1. Басты бет>
  2. ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою үшін айналымды айқындау кезінде қандай халықаралық тасымалдар ескеріледі

Сұрақ-жауап

ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою үшін айналымды айқындау кезінде қандай халықаралық тасымалдар ескеріледі

Сұрақ

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік салық салудың жалпы белгіленген тәртібін қолданады, ҚҚС төлеуші болып табылмайды және меншікті көлік құралдарымен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді. Тасымалдар Қазақстан Республикасының аумағында да, халықаралық бағыттар бойынша да жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік мынадай бағыттар бойынша тасымалдауды жүзеге асырады:

  • Ресей – Өзбекстан;
  • Латвия – Астана;
  • Беларусь – Қырғызстан;
  • Қазақстан Республикасының аумағына кіру арқылы да, Қазақстан Республикасына кірмей де жүзеге асырылатын өзге бағыттар.

Көрсетілген айналымдардың қайсысы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою үшін ең төменгі айналымды айқындау кезінде ескеріледі, ал қайсысы ескерілмейді?

Жауап

ҚР 2026 жылғы Салық кодексінің 99-бабы 4-тармағына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым ҚР Салық кодексі 449-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде ҚР Салық кодексінің 101-бабында белгіленген күннен бастап өсу қорытындысымен айқындалады; айналымның шекті мөлшері – тиісті қаржы жылының 01/01 күніндегі қолданыстағы 10000 айлық есептік көрсеткішке тең айналым.

ҚР 2026 жылғы Салық кодексінің 99-бабы 5-тармағына сәйкес ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына берілген салықтық өтініш негізінде осындай өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.

Құрметті пайдаланушы, бұл материал автордың пікірін білдіреді және ұсынымдық сипатқа ие. Материал жарияланған сәтте қолданыста болған нормативтік актілерге негізделген.

Материал толықтай көрсетілмеген.

Материалға қол жету үшін:

Жазылымды қосу

Материалды шектеусіз көру үшін
тарифтері бойынша порталға жазылушы болыңыз.

Авторизациядан өтіңіз


Контентке қол жеткізу үшін авторизациядан өтіп, профиль таңдауыңыз қажет.


faq

Материалға қол жетімділік жоқ, сіз оны бөлек сатып ала аласыз немесе жазылымды баптай аласыз

Бухгалтердің құралдары

Көбірек материалдар

Біздің қызметтеріміз

Басты бетке қайту

Келесі материалдарды да қараңыз

Профессиональные консультации

Кәсіби кеңестер

Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Кеңеске өту
Бухгалтерский сервис

Бухгалтерлік сервис

Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сервиске өту