1. Басты бет>
  2. Яндекс Еда, Glovo және Wolt арқылы сату кезінде 910.00 нысанындағы салық есептілігінде қандай табысты көрсету керек

Сұрақ-жауап

Яндекс Еда, Glovo және Wolt арқылы сату кезінде 910.00 нысанындағы салық есептілігінде қандай табысты көрсету керек

Сұрақ

Мен Қазақстанда жеке кәсіпкермін, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданамын (910.00 нысаны). Дайын тағамды Яндекс Еда, Glovo және Wolt агрегаторлары арқылы өткіземін.

Агрегаторлармен агенттік шарттар жасалған. Шарттардың талаптарына сәйкес агрегатор мен өткізген өнім үшін сатып алушылардан төлемді қабылдайды, содан кейін агенттік комиссиясы мен жеткізу құнын шегеріп, ақшалай қаражатты ЖК-нің есеп айырысу шотына аударады.

Мысалы: сатып алушы тапсырыс үшін 10 000 теңге төледі, агрегатор 2 000 теңге комиссия мен 1 000 теңге жеткізу ақысын ұстап қалды, ал ЖК-нің есеп айырысу шотына 7 000 теңге түсті.

1. Бұл жағдайда 910.00 нысаны бойынша декларацияда табыс ретінде қандай соманы көрсетуім керек: сатудың толық сомасы — 10 000 теңге ме, әлде есеп айырысу шотына нақты түскен 7 000 теңге ме?

2. 910.00 нысанындағы табысты айқындау үшін қандай құжаттар негіз болып табылады: агенттің есебі, өткізілген тапсырыстардың актісі/тізілімі, фискалдық чектер, банк көшірмесі немесе басқа құжаттар ма?

Егер агенттік шартқа сәйкес агенттік комиссия мен жеткізу сомаларын агрегатор ЖК-ге аударғанға дейін сатып алушының ақшалай қаражатынан ұстап қалса, бұл сомаларды ЖК табысына енгізбеуге бола ма?

Жауап

Азаматтық заңнамада агенттік шарт ұғымы жоқ. Тапсырма беру шарты және комиссия шарты бар. ҚР АК-нің 846-бабы 1-тармағына сәйкес тапсырма беру шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және есебінен белгілі бір заңдық әрекеттер жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген өкіл жасаған мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер тікелей сенім білдірушіде туындайды.

ҚР АК-нің 865-бабы 1-тармағына сәйкес комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитенттің) тапсырмасы бойынша сыйақы үшін комитенттің есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді.

Құрметті пайдаланушы, бұл материал автордың пікірін білдіреді және ұсынымдық сипатқа ие. Материал жарияланған сәтте қолданыста болған нормативтік актілерге негізделген.

Материал толықтай көрсетілмеген.

Материалға қол жету үшін:

Жазылымды қосу

Материалды шектеусіз көру үшін
тарифтері бойынша порталға жазылушы болыңыз.

Авторизациядан өтіңіз


Контентке қол жеткізу үшін авторизациядан өтіп, профиль таңдауыңыз қажет.


faq

Материалға қол жетімділік жоқ, сіз оны бөлек сатып ала аласыз немесе жазылымды баптай аласыз

Бухгалтердің құралдары

Көбірек материалдар

Біздің қызметтеріміз

Басты бетке қайту

Келесі материалдарды да қараңыз

Профессиональные консультации

Кәсіби кеңестер

Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Кеңеске өту
Бухгалтерский сервис

Бухгалтерлік сервис

Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сервиске өту