- Басты бет>
- Директордың автокөлігіне жұмсалған шығыстарды шегерімге жатқызуға бола ма?
Сұрақ-жауап
Директордың автокөлігіне жұмсалған шығыстарды шегерімге жатқызуға бола ма?
Сұрақ
Директор, сондай-ақ ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы өз автокөлігін өзінің ЖШС-не өтеусіз негізде жалға бере ала ма? Яғни директормен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасамай, жай ғана автокөлікті жалдау шартын жасасып, соның негізінде автокөліктің жанар-жағармай материалдарына, жөндеуіне және қосалқы бөлшектеріне жұмсалған шығыстарды шегерімге жатқызуға бола ма? Корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде барлық шығыстарды шегерімге жатқызу үшін мұның бәрін шығындар барынша аз болатындай етіп қалай дұрыс рәсімдеу керек?
2 қызметтік автокөлік жеке тұлға ретінде директордың атына тіркелген. ЖШС-нің өз балансында автокөлік жоқ.
Жауап
Жауап
Иә, болады. Алайда ЖШС үшін өтеусіз жалға алу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 246-бабына сәйкес пайдалануға өтеусіз алынған актив түріндегі кіріс ретінде танылып, өтеусіз алынған жалдау қызметі түріндегі кіріс ретінде жиынтық жылдық кіріске енгізіледі.
Бұл ретте өтеусіз жалға алудан түсетін кіріс ЖШС-де өңірдегі ұқсас автокөлікті жалға алудың нарықтық құны мөлшерінде танылады.
Құрметті пайдаланушы, бұл материал автордың пікірін білдіреді және ұсынымдық сипатқа ие. Материал жарияланған сәтте қолданыста болған нормативтік актілерге негізделген.
Материалға қол жету үшін:
Жазылымды қосу
тарифтері бойынша порталға жазылушы болыңыз.

Авторизациядан өтіңіз
Контентке қол жеткізу үшін авторизациядан өтіп, профиль таңдауыңыз қажет.
Материалға қол жетімділік жоқ, сіз оны бөлек сатып ала аласыз немесе жазылымды баптай аласыз
Бухгалтердің құралдары
Көбірек материалдар
Вебинардың хабарландыруы

Кәсіби кеңестер
Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Бухгалтерлік сервис
Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.