- Басты бет>
- Ozon комиссияны ұстап қалды: ЖК кіріс ретінде қандай соманы көрсетуі керек және чекті кім беруге міндетті
Сұрақ-жауап
Ozon комиссияны ұстап қалды: ЖК кіріс ретінде қандай соманы көрсетуі керек және чекті кім беруге міндетті
Сұрақ
ЖК АСР қолданады және тауарларды Ozon маркетплейсі арқылы өткізеді. Сатып алушы Ozon сайтында тапсырысты ресімдеген кезде сату процесі, оның ішінде БКМ функциясы автоматтандырылған.
Тауарды сатып алушы — жеке тұлға — алғаннан кейін Ozon ЖК-ге өз шығыстары мен ұстап қалуларын шегергендегі ақша қаражатын, оның ішінде курьерлік, маркетингтік және өзге де қызметтер үшін сомаларды аударады.
СЕН-нің 910.00 нысанын толтыру кезінде ЖК кіріс ретінде есеп айырысу шотына нақты түскен соманы, яғни Ozon ұстап қалған сомаларды шегергендегі соманы көрсетті. Бұл ретте ЖК аталған операциялар бойынша фискалдық чектерді бермеді, өйткені сату және есеп айырысу процесі Ozon алаңы арқылы автоматтандырылған.
Қазіргі уақытта жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы ЖК-ге айырма сомалары мөлшеріндегі кірісті жасыру туралы хабарлама жолдады.
- Осы жағдайда СЕН-нің 910.00 нысаны бойынша салықтарды есептеу мақсаттары үшін ЖК қандай соманы кіріс деп тануға тиіс: өткізілген тауарлардың толық құнын ба, әлде Ozon комиссиялар мен шығыстарды шегергеннен кейін аударған нақты соманы ма?
- Ozon өз шығыстарын ұстап қалғаннан кейін ЖК-нің есеп айырысу шотына нақты түскен соманы СЕН-нің 910.00 нысанында көрсету заңды ма?
- Осы схема бойынша сатып алушыға фискалдық чекті кім беруге міндетті — ЖК ме, әлде Ozon ба?
Жауап
Жауап
ҚР Салық кодексінің 724-бабы 1-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі салық кезеңі үшін есептеу әдісі бойынша алынуға жататын (алынған) (шығыстар есепке алынбайтын) кіріс болып табылады.
Корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген салық салу объектісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген мөлшерінен күнтізбелік жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен айқындалған осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің салық салу объектісі асып кеткен айдан бастап оның жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азайтылады.
Құрметті пайдаланушы, бұл материал автордың пікірін білдіреді және ұсынымдық сипатқа ие. Материал жарияланған сәтте қолданыста болған нормативтік актілерге негізделген.
Материалға қол жету үшін:
Жазылымды қосу
тарифтері бойынша порталға жазылушы болыңыз.

Авторизациядан өтіңіз
Контентке қол жеткізу үшін авторизациядан өтіп, профиль таңдауыңыз қажет.
Материалға қол жетімділік жоқ, сіз оны бөлек сатып ала аласыз немесе жазылымды баптай аласыз
Бухгалтердің құралдары
Көбірек материалдар
Вебинардың хабарландыруы

Кәсіби кеңестер
Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Бухгалтерлік сервис
Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.