- Басты бет>
- ҰЛТТЫҚ ТАУАРЛАР КАТАЛОГЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК
Сараптамалық мақалалар
ҰЛТТЫҚ ТАУАРЛАР КАТАЛОГЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды өткізу кезінде сатылатын тауардың NTIN кодын көрсету міндетті болады.
Ал, бұл кодты қайдан алу керек, ол не және сатушылар не істеуі қажет?
Ұлттық тауарлар каталогын енгізумен байланысты көптеген сұрақтар туындайды.
И. Иванова,
Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері,
DipIFR (ACCA), САР
1-ші санатты салық кеңесшісі
Қаржылық есеп пен есептілік маманы (ХХҰ) CPA Eurasia
Сертификатталған қоғамдық бухгалтер-техник CPA Eurasia
Салық кеңесшілері палатасының мүшесі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды өткізу кезінде сатылатын тауардың NTIN кодын көрсету міндетті болады.
Ал, бұл кодты қайдан алу керек, ол не және сатушылар не істеуі қажет?
Ұлттық тауарлар каталогын енгізумен байланысты көптеген сұрақтар туындайды.
Ал, Ұлттық тауарлар каталогы дегеніміз не?
Ұлттық тауарлар каталогы – тауарларды маркировкалау және олардың ізделуін бақылау біріккен операторымен әзірленген ақпараттық ресурс, онда өнімдердің бірыңғай номенклатурасы берілген және ол Қазақстан Республикасындағы тауарларды маркировкалау және олардың ізделуін бақылау процестерінде тауарлар анықтамалығы ретінде міндетті түрде пайдаланылады, оған тауарлардың сипаттамалары, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтары және басқа да мәндер кіреді (Қазақстан Республикасы Сауда қызметін реттеу туралы заңының 1-бабының 1-тармағының 45-тармақшасы).
Тағы бірегей тауарларды маркировкалау және оларды іздеу операторы Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығымен Ұлттық тауарлар каталогын жүргізу ережелері және сол каталогқа тауарларды тіркеу ережелері бекітіліп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Ұлттық тауарлар каталогы сауда субъектілері тарапынан тауарларды сәйкестендіру үшін идентификациялық код негізінде бірыңғай тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылады.
Идентификациялық код – машиналық оқылатын түрде штрихкод түрінде берілетін, тауар түрлеріне берілетін және Ұлттық тауарлар каталогында сауда қызметінде бірегей сәйкестендіру мақсатында қамтылған ерекше таңба ретіндегі үздіксіз мәтін.
Идентификациялық код Қазақстан Республикасы аумағында тауар айналымының барлық кезеңдерінде (өндіріс, әкелу, сақтау, тасымалдау, өткізу, пайдалану), ақпараттық жүйелерде тауарларды есепке алу барысында, бақылау-кассалық машиналарды пайдаланып тауардың айналымы мен өткізілуін жүзеге асыруда, өнімнің сәйкестігін бағалау, электрондық шот-фактураларды рәсімдеу, кеден декларациялары және тауарлардың ізделуін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайтын басқа да процестерде қолданылады.
Ұлттық тауарлар каталогын жүргізу келесі әрекеттерді қамтиды:
1) тауарларды тіркеу;
2) тауар туралы мәліметтерді модерациялау (тексеру), оң нәтиже болған жағдайда тауарға біркелкіленген атау мен ерекше идентификациялық код беру;
3) тауарлар (өнім) мен олардың тұтынушылық сипаттамалары туралы ақпаратты жаңарту.
Ұлттық тауарлар каталогына тауарларды тіркеу міндетті кімдерге?
· Импорттаушылар;
· Тауар өндірушілер;
· Сауда субъектілері өз бастамасы бойынша;
· 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін өндірілген және Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы тауарларға қатысты Бірыңғай маркировка және ізделу операторы.
Бірақ Ұлттық тауарлар каталогына тауарды тіркемес бұрын, сауда субъектісі өздігінен Ұлттық тауарлар каталогында тіркелуі тиіс.
Тіркеу кезінде субъект келесі деректерді тіркеу формасына енгізеді:
· ЖСН/БСН;
· Сауда субъектісінің атауы;
· Жеке кәсіпкердің немесе бірінші жетекшінің аты-жөні;
· Электрондық пошта мекенжайы;
· Байланыс телефон нөмірі;
· Сауда субъектісінің түрі;
· Ұлттық тауарлар каталогында тауарлар туралы мәліметтерді ұсынуға және өңдеуге уәкілетті тұлғаларға қатысты ақпарат (міндетті емес);
· Шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерінің өтініштері негізінде, нотариалды куәландырылған тиісті өкілеттіктері бар тұлғаларды тіркеу.
Ұлттық тауарлар каталогына қай тауарларды тіркеу қажет?
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын барлық тауарлар тіркеуге жатады.
Ұлттық тауарлар каталогында болмаған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу мүмкін болмайды.
Тауар туралы мәліметті Ұлттық тауарлар каталогына енгізбестен бұрын, оның каталогта тіркелгенін тексеру қажет.
Егер тауар каталогта тіркелген болса, оны қайта тіркеу талап етілмейді.
Ұлттық тауарлар каталогында тауарды бар-жоғын тексеру келесі арқылы жүргізіледі:
· GTIN[1] коды;
· Тауар атауы.
Егер тауар каталогта болмаса, оны тіркеу қажет.
Тіркеу келесі жолдардың бірімен жүргізіледі:
· стандартты өтініш;
· файл-үлгі (жаппай жүктеу).
Тауар тіркеу барысында келесі деректер енгізіледі:
1) тауар туралы жалпы ақпарат (атауы, классификациясы, сауда маркасы, шығу елі, өндіруші);
2) өлшенетін параметрлер (сызықтық өлшемдер, масса, құрам);
3) тауарды шығаруға қатысты стандарттау құжаттары туралы мәліметтер;
4) міндетті сәйкестікті бағалау талаптары бар тауарлар үшін сәйкестікті бағалау құжаттары (сауда айналымындағы тауарлар);
5) тауардың сыртқы көрінісін иллюстрациялау үшін графикалық материалдар (суреттер). Ұлттық тауарлар каталогына тіркеуге жататын тауар туралы қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты СТ РК 3833 «Тауарлар мен қызметтерді идентификациялау және оларды кодтау тәртібі. Негізгі ережелер», сондай-ақ өнімге арналған техникалық регламенттер мен стандарттау құжаттарында белгіленеді.
Келесі кезең – тіркеу өтінімі модерацияға жіберіледі.
Жүйеде жасанды интеллектпен бастапқы модерация, содан кейін Бірыңғай оператордың модерациясы қарастырылған.
Барлық мәліметтер дұрыс енгізілген жағдайда тауар жүйеге тіркеледі.
Егер тауар жүйеде бұрыннан тіркелген немесе тауар туралы мәліметтер қате толтырылған болса, онда Ұлттық тауарлар каталогына тауарды тіркеуден негізделген бас тарту келеді.
Тауардың модерациясы қанша уақытта өтеді?
Тауарды тіркеу өтінішіндегі мәліметтердің толықтығын Бірыңғай оператор мына мерзімдерде тексереді:
· тауарды саудада пайдалану үшін – өтініш берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
· мемлекеттік реттелетін сатып алуларда пайдалану үшін – өтініш берілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні.
NTIN коды берілмеген тауар келген жағдайда бөлшек сауда дүкені не істеу керек?
Қазақстан Республикасының Сауда министрлігінің түсіндірмелері бойынша, егер дүкен Ұлттық тауарлар каталогында жоқ тауарды қабылдаса, дүкен бұл тауарды сатуға, бақылау-кассалық техникада чек жазуға, уақытша XTIN коды бар СНТ және ЭСФ рәсімдеуге құқылы.
Бірақ сатушыға салық органдарынан XTIN кодымен сатылған тауарды Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу қажеттігі туралы хабарлама келеді және кейін тауарға NTIN коды берілуі тиіс.
Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыпты жұмыс істеу және салықтық тәуекелдерді болдырмау үшін, қазірден бастап Ұлттық тауарлар каталогында тіркелуді (әсіресе егер Сіздің компанияңыз импорттаушы немесе тауар өндіруші болса) және тауарларыңыздың Ұлттық тауарлар каталогында тіркелмеген болса, оларды тіркеу өтініштерін беруді қамтамасыз етіңіз.
[1] GTIN (Global Trade Item Number) – тауардың 8-ден 14-ке дейінгі цифрлардан тұратын бірегей нөмірі (коды), ол саудада тауарды идентификациялау үшін қолданылады. GTIN кодын тауар өндіруші орамаға штрихкод түрінде жағады. Әр тауар санаты үшін кодтарды GS1.Kazakhstan сайты арқылы сатып алуға болады. GS1 – бұл бірегей GTIN кодтарын беретін халықаралық ұйым.
Егер сіз қате немесе баспа қатесін тапсаңыз, қателескен мәтін бөлігін белгілеп, CTRL+Enter пернелерін басыңыз.
Файлды тегін жүктеп алу үшін авторизациядан өтіңіз
Бухгалтердің құралдары
Көбірек материалдар
Вебинардың хабарландыруы

Кәсіби кеңестер
Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Бухгалтерлік сервис
Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.