- Басты бет>
- Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау үшін мобильді фронт-офистер іске қосылады
Жаңалықтар
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау үшін мобильді фронт-офистер іске қосылады
Шалғайдағы қалалардағы бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильді фронт-офистер.
Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) шалғайдағы қалалар мен аудан орталықтарында бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильді фронт-офистерді іске қосуда. Инциатива Мемлекет Басшысының шағын және орта бизнесті қолдау шараларының қамту аясын кеңейту туралы тапсырмасы аясында Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлерге «Бәйтерек» Холдингінің жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратты консультациялар өткізу және жергілікті жерлерде өтініштер қабылдау арқылы қамтамасыз ету.
Инициатива аясында Қордың консультанттары әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП және банк және қаржы ұйымдарының (БҚҰ) өкілдерімен бірге шалғай өңірлерге шығады. Мобильді топтар моногородтар, аудан орталықтары мен ауылдарды қамтиды. Бұл, әсіресе, ауыл мен шағын қалалардағы кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларына тартылуына бағытталған «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайында өзекті болып отыр. Бағдарлама өңірлердің әлеуетін шикізатты жергілікті өңдеуді дамыту арқылы нақты өндірістік қуаттарға айналдыруға көмектеседі.
Кәсіпкерлерге «Даму» Қоры ғана емес, оның еншілес ұйымдары – Қазақстанның даму банкi, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Экспорттық несие агенттігі және Qazaqstan Investment Corporation сияқты ұйымдарды қамтитын «Бәйтерек» Холдингінің біріккен фронт-офистерінің негізгі қолдау шаралары таныстырылады:
• несиелерге пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
• кепілдіктің жеткіліксіздігі кезінде қарыздарды кепілдендіру;
• мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие беру;
• лизингтің қаржыландыру құралдары;
• бастаушы кәсіпкерлерге микронесиелеу құралдары;
• экспорттық жобаларды қолдау құралдары;
• өңдеуші өнеркәсіп пен лизингті қолдау;
• қаржылық емес қолдау – оқыту, консультациялар және жобаларды сүйемелдеу.
Мобильді фронт-офистер бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді, Қазақстанның 17 өңірін қамтиды (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда). Шығулар апта сайын жүргізіледі, сұраныс пен кәсіпкерлік белсенділік деңгейіне қарай жиілігі арттырылуы мүмкін. Шығу кестесі алдын ала www.damu.kz сайтында және Қордың әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға, қала мен ауыл арасындағы географиялық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Ауылдағы кәсіпкерлер ірі қалалардағы бизнес сияқты мүмкіндіктер мен құралдарға қолжетімділік алады, бұл елдің барлық аумағында кәсіпкерліктің теңгерімді дамуына септігін тигізеді.
Егер сіз қате немесе баспа қатесін тапсаңыз, қателескен мәтін бөлігін белгілеп, CTRL+Enter пернелерін басыңыз.
Мақала қаншалықты пайдалы болды?
Бухгалтердің құралдары
Көбірек материалдар
Вебинардың хабарландыруы
Өту

Кәсіби кеңестер
Қызықтырған сұрағыңызды Кеңесшіге қойыңыз және ағымдағы заңнамалық нормаларға сәйкес жылдам әрі толық жауап алыңыз.

Бухгалтерлік сервис
Сервис кәсіпкерлерге 910 және 200 нысандарын автоматты түрде тапсыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Ең жақын вебинар
Вебинардың хабарландыруы
Өту